Атыраулық дін мамандары Алматыда университет жастарымен кездесті

Алматы қаласындағы Нұр Мүбарак университетінде оқып жатырған атыраулық студенттермен кездесу өтті.

Кездесу барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған дін мамандары жастарды сапалы білім алып, елге қызмет етуге шақырды.

«Елге қызмет дегеніміз не? Елге қызмет – оқу, білім алу, аянбай адал еңбек ету және Отанды қорғау. Біз қазақ жастарының өз ұлтын, тілін, діні мен ділін сүйетін, туған тарихы мен ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрін дәріптейтін, еліміздің рухани, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын тұлға болып қалыптастынына сенеміз» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Іс-шара барысында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен студенттерге бір реттік шәкіртақы табысталды.

Кездесуді Атырау облысы дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем – Атырау» корпоративтік қоры ұйымдастырды.