Еліміздегі эпидемиялық жағдай кезіндегі сақтық шараларына байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарапынан дәстүрлі Мәулітке байланысты іс-шараларды онлайн режимде өткізу туралы тапсырма берілген болатын.
⠀
Осыған сәйкес, Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Иманғали» мешітінде Мәуліт шарасы өтті.
Екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) дүние есігін ашқан күннің құрметіне орай ұйымдастырылған іс-шарада Алла елшісіне салауат айтылып, Құран Кәрім сүрелері оқылды.
Рухани шара соңында еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасалды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.