Қасиетті Мәуліт айының құрметіне өткен қайырымдылық акциясы кезінде атыраулық отыз отбасына азық-түлік таратылды.
Жалпы салмағы 600 келі болатын азық-түлік пакетін мұқтаж отбасыларға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып табыстады.
«Пайғамбарымызды шынайы түрде тани білсеңіз, екі дүниенің бақытына жетесіз. Сізді көрген адам тамсанып тұратын болады. Себебі, сіздің отбасындағы, туыстарыңызбен арадағы, қоғамдағы амал, әрекеттеріңіз өзгеге үлгі болады.
Ендеше, осынау қасиетті айда Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтуға асығайық. Алла Тағала салауат айтушының дәрежесін көтеріп қояды» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.