Мәуліт: Махамбет ауданында рухани шара өтті

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Махамбет аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен, жамағат арасында рухани шара болып өтті.

Онда Мәуліт оқылып, Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтылды. Және мешіттің ішкі ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысып жүрген азаматтарға алғыс хат табыс етілді.

«Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісінﷺ жақсырақ танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне бір сеп болғай. Пайғамбардың ﷺ  әміріне бойұсынып, тыйымынан тыйылуға түрткі болғай. Адамзаттың асыл тәжі, тектілердің төресі, асылдардың асылы, ізгілердің ізгісі, дегдарлардың дүрі, Пайғамбарлардың имамы, екі дүниенің бекзаты Мұхаммедке ﷺ  Жаратқан Иеміздің жаратқан нәрселерінің санындай, Аршысының салмағындай, Өзі разы болғандай, сансыз салауаты мен сәлемі болсын!» дейді Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.