Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Көп балалы 16 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері табыс етілді.
«Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі бағыттың бірі. Мақсатымыз – көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қамқорлық көрсету» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.