Атырауда «Ихсан» мешітінде 20 отбасыға азық-түлік таратылды

Атырауда Геолог ауылындағы Ихсан мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Іс-шара аясында көп балалы отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері таратылды.

«Қайырымдылық – басты бағытымыз. Рамазандағы ізгі шаралар легінің бірі – көп балалы отбасыларға қамқорлық көрсету» деп атап өтті «Ихсан» мешітінің имамы Ардақ Жұмабекұлы.