Наиб мүфти Ершат Оңғаров Атыраудағы Қайырымдылық мекемесі құрылысымен танысты

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров Атырау қаласында салынып жатқан Қайырымдылық мекемесінің құрылысымен танысты.

Жұлдыз ықшамауданындағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті маңынан салынып жатқан мекеме құрылысы 2021 жылдың маусымында басталған болатын.

Төрт қабатты мекеме – білім беретін орталық, спорт залы, жатақхана және асханасы бар заманауи форматтағы мекеме болады деп күтілуде.

Құрылыс барысымен танысқан наиб мүфти Ершат Оңғаров сапаға жұмыс істеуді тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.