Алтынбек Ұтысханұлы Атырау жастарымен кездесті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы
Атырау қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы Асылхан Төлеген және “AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар рухы” жастар қанаты Атырау қалалық филиалының төрағасы Әділет Сәбитовті қабылдады.

Кездесу барысында тараптар жастар тәрбиесі, рухани даму, ағартушылық, қоғам бірлігі тақырыптарында сұхбаттасты.

«Мешіт – құлшылық орны, сонымен бірге үлкен тәрбие ордасы. Мешітке келген адам өз-өзін тәрбиелеуге ұмтылады. Осы ретте, біздер жастарымызды сауабы мол қайырымдылық бағыттағы шараларға көбірек тартып келеміз. Жастардың ілімін арттыру, жас буын арасындағы ынтымақты арттыруға арналған зияткерлік, спорттық шаралар көптеп өтуде» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.