Атырауда «Мәулімберген» мешітінде 60-қа жуық адам дәріс алуда

Атырауда Тасқала ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде жамағатқа тұрақты түрде дәріс өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта ерлер және әйелдер жамағатын қоса алғанда 60-қа жуық адам «Ихсан ілімі», «Әліппе», «Құран», «Сахабалар өмірбаяны» тақырыптарында дәріс алуда.

«Мәселен, діни ілім алып, рухани қуат алғысы келетін әйел азаматтар аптасына үш рет, яғни, сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері таңғы сағат 10:00-12:30 аралығында сабаққа қатыса алады» дейді ұстаз, «Әйелдер-қыздар» секторының Атырау облысы бойынша жауапты өкілі Ардақ Сайынқызы.

Ерлер жамағатына ұстаздар Болатбек Нұрғалиев пен Жеңіс Тәжібай дәріс беруде.