Атырау қаласындағы Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде ірі-қара мал құрбандыққа шалынды.
Құрбан малының еті 25 отбасына үлестірілді.
«Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды және мешіт қызметкерлерін қамтыды. Сонымен бірге, 10 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері таратылды. Осындай ізгілік шаралары жалғасады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.