Атырау қаласындағы Тасқала ауылында орналасқан “Мәулімберген” мешітінде ірі-қара мал құрбандыққа шалынды.
Құрбан малының еті 25 отбасына үлестірілді.
“Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды және мешіт қызметкерлерін қамтыды. Сонымен бірге, 10 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері таратылды. Осындай ізгілік шаралары жалғасады” дейді “Мәулімберген” мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.



Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.