Мақат аудандық орталық мешітінде білім сайысы өтті

Мақат аудандық орталық мешітінде жамағаттар арасында білім сайысы болып өтті.

Ондағы мақсат – жамағатқа рухани тәрбие беру, білім беру.

«Білім сайысы барысында шәкірттер «Ақида», «Пайғамбар өмірі», «Ғибадат», «Фиқһ», «Құран», «Әдеп» пәндері бойынша емтихан тапсырды. 26 шәкірт қатысқан сайыстың бірінші кезеңі сәтті аяқталды» деп атап өтті Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.


Еске сала кетелік, мешіттер жанынан сауат ашу курстары жұмыс істеуде. Сауат ашу курсына кез келген ниет білдіруші адам қатысып, діни білім ала алады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.