Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылында мұқтаж отбасына баспана берілді

Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл елдімекенінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баспаналалы болды.

«Харекет» қайырымдылық қорының көмегімен алынған баспананы қоныс иелеріне табыстау рәсіміне Қосшағыл мешітінің наиб имамы Ғанибек Қожанәпесов қатысты.

Қоныс иелері Бейсенбек Жаппаров пен Айдан Субихагова баспаналы болу қуанышын сыйлаған қазақстандықтарға алғыс айтты.

Еске сала кетелік, «Харекет» қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері еліміздегі мұқтаж шаңырақтарға баспана сыйлап келеді. «1000 теңгеге – баспана» ұранымен ашылған қорға қарапайым азаматтар тұрақты түрде қаржы салып отыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.