Атырауда имамдар түзеу мекемелерінде дәріс беруде

Атырауда терроризм бабымен сотталған азаматтарды оңалту жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта УГ 157/9 ерлер түзеу мекемесінде қазіргі таңда ұстаз Наркес Боханов, Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров дәріс жүргізуде.

«Оңалту жұмыстары тұрақты жалғасады. Ол кешенді және жоспарлы жұмысты қажет етеді. Біздің мақсатымыз – адасқандардың тура жолға түсуіне ықпал ету. Себебі, ислам – бірлікті, ізгілікті, тұрақтылықты насихаттайтын дін» деп атап өтті Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.