Атырау селолық мешітінде мұқтаждарға азық-түлік таратылды

Атырау қаласындағы Атырау селолық мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, 8 отбасына азық-түлік таратылды.

Акия Қызыл-Балық, Жамбыл, Құрманғазы және Амангелді ауылдарын қамтыды.

Қайырымдылық шарасы әр ай сайын жалғасын табады. Мұқтаж шаңырақтарға азық-түлік үнемі таратылып отырады» дейді Атырау селолық мешітінің наиб имамы Асылбек Тлепбергенұлы.

Еске сала кетелік, жуырда мүфтият еліміз бойынша мешіттерде атқарылатын іс-шаралар жоспарын бекітті. Қайырымдылық мешіттерде атқарылатын негізгі жұмыс бағыты болып қала береді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.