Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы әйелдер-қыздар секторы жанынан жұмыс істеп жатқан «Ансар» еріктілерімен кездесті.
Кездесу барысында Бас имам діни, рухани бағыттағы ізгі шаралардың басы-қасында жүрген еріктілерге ризашылығын жеткізді.
«Қазіргі таңда «Ансар» еріктілері мешіт жанынан ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шараларына атсалысып келеді. Сонымен бірге, рухани шаралардың өтуіне тікелей қатысуда. Қыз-келіншектерден тұратын еріктілер қоғамдық істердің бел ортасында келеді. Ондағы мақсатымыз – әйелдер қауымымен байланысты нығайту» дейді орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Нұргүл Жолдаспаева.
Еске сала кетелік, Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Ансар» еріктілер тобы 2019 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келеді.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.