Атырауда имамдар арасында футболдан жолдастық кездесу өтті (+ ФОТО)

Атырау және Маңғыстау облыстарының имамдары кіші аяқ доптан туринирде кездесті.

Екі жақты ынтымақтастықты, бауырмалдықты арттыру мақсатында өткен спорттық бәсекеде достық жеңді.

«Біздің мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттау. Және екі жақты әріптестік қатынасты нығайту.

Алла Тағала денсаулықты адамға аманат ретінде берген. Қазақта «Тәні саудың – жаны сау» деген керемет тәмсіл бар. Спортпен шұғылдану адамның көңіл-күйін көтеріп қана қоймайды, үнемі тың, сергек жүруіне, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетсек, кеше Атырауға Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Елжанов бастаған дін қызметкерлері делегациясы келген болатын.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.