Құранда Жаратушымыз:
هل يستوي الذين يعلمون والذين لا يعلمون
[Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?],-деп екі араны ажыратып берді. Келешек білімсүйерлердің, білімділердің, ғалымдардың еншісінде, ин шә Алла.
Аз-аздан болсын әрекеттене берсек, діттеген межеге жетеміз. Себебі еңбек еткен адам сыбағасыз қалмайды, міндетті түрде еңбегіне жараса нәтижесін көретін болады.
Әлбетте ештеңке оңай емес. Сүріну, қателесу деген іспетті дүниелердің болуы заңдылық. Boş gezen bokluörmeyi tez bulur, сонда қандай адам қателеспейді? Ештеңке жасамайтын адам қателік жібермейді…
«Движение – это жизнь» деп айтып жүруші едік қой. Сол, бізше «Әрекет, хәрекет» делінеді. Ал әрекетте берекет бар. Бізден әрекет, Алладан берекет дегенді көп естіген де боларсыз!
Тіптен ислам әлеміне әйгілі ғалым Ибн Хажардың өмірін қараңыз. Сондай-ақ ғалымдарымыздың сөздеріне құлақ түрсек, былай дейді:
القاضي أبو يوسف صاحب اﻹمام أبي حنيفة رضي الله عنهما:
⠀
» العلم شيء لا يعطيك بعضه حتى تعطيه كلك ، وأنت إذا أعطيته كلك فكن من إعطائه البعض على حذر «
⠀
Имам Абу Ханифаның шәкірті, қазы Абу Юсуф (Алла оларға разы болсын) айтады:
⠀
“Білім сондай, сен өзіңді білімге толық арнамайынша, саған білімнің кішкене бөлігі де берілмейді.
Егер сен сол білімге өзіңді толық арнаған болсаң, онда сақтық үшін, білім өзінен саған кішкене бір бөлігін ғана берді деп есептегін!»
الزرنوجي في ( تعليم المتعلم طريق التعلم ):
⠀
» ولابد لطالب العلم من الهمة العالية في العلم ؛ فإن المرء يطير بهمته كالطير يطير بجناحيه «
⠀
Зарнуджи (тәлімгерге тәлім алу жолын үйрету) кітабында былай дейді:
⠀
«Ілім талап етуші, білім жолында биік мақсат қоюы қажет. Расында, адам баласы биік мақсаты болғанда ғана, құс қанаттарымен ұшқандай ұша алады.»
قال الحسن البصري رضي الله عنه:
» من أقبل بقلبه على الله أقبل بقلوب خلقه إليه «
Хасан Аль-Басри ( Алла оған разы болсын) былай деген:
» Кімдe-кім шын жүрекпен Аллаға қарай бет алса, Алла барлық жаратқан құлдарының жүректерімен әлгі құлына қарай бет алады», – деген.
Сіз бен бізде аз-аздан үздіксіз қағидасы мен құстың қос қанатындай білім мен тақуалық жаныңызда серік болса, діттеген мақсатыңыз айқын болмақ.
Іңкәр ЕРКІН,
«Иманғали» орталық мешітінің ұстазы