Мақат аудандық орталық мешітінде жамағат үшін айлық дастархан шарасы ұйымдастырылды.
Жамағат арасындағы бірлікті, ынтымақты арттыруға бағытталған шараға Атырау қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Әбдіров пен Құрманғазы ауданының бас имамы Еламан Бегалиев арнайы келіп, уағыз айтты.
Бірлік, ынтымақ, жауапкершілік тақырыптары талқыланған рухани кеште ұстаздар жамағатты ел бірлігін нығайтуға үлес қосуды тапсырды.
«Қазақта «Бірлігі мықты ел озады» деген тамаша тәмсіл бар. Ислам – ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін дін. Осы ретте, баршаңызды еліміздің ертеңі үшін игілікті еңбек етуге шақырамын» деп атап өтті ұстаз Еламан Бегалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.