Атырауда әйелдер жамағаты арасында «Жүректің нұры – Құран» шарасы өтті

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешітінде әйелдер жамағаты арасында рухани шара болып өтті.

«Жүректің нұры – Құран» шарасы барысында Құран кереметтері, Құран оқудың сауабы тақырыптарында насихат айтылды.

«Құран – адамзатты шексіз бақытқа жетелейтін, тура жол көрсететін, қияметке дейін өзгермейтін мәңгі мұғжиза. Құран – соңғы пайғамбарлықтың дәлелі, Ислам шариғатының ата заңы. Құран оқыған адам бүкіл болмысымен өзгереді. Ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң, оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергенін көресің» дейді ұстаздар.

Шара соңында мешіт ұстаздары рухани кешке қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.