Әз-Наурыз: Мақат аудандық мешітінде 25 отбасына қайырымдылық қолдау көрсетілді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мақат ауданына жұмыс сапары аясында қайырымдылық акциясына қатысты.

Акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасына азық-түлік пакеттері тарту етілді.

«Наурыз – жылулықтың, береке-бірліктің мерекесі. Сан ғасырлардан бері атап өтіліп келе жатқан наурыз – ынтымақты тірлікті дәріптейді. Ізгі мереке құрметіне орай, мешіттерімізде қамқорлық шаралары жалғасады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.