Мысырда «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы таныстырылды

Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы елшілігінде мазмұнды іс-шара өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы Мысырдағы Қазақстан азаматтары мен студенттер қауымына таныстырылды.

Іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Египет Араб Республикасындағы өкілі Руслан Амантұрсынұлы ұйымдастырды.

Жиынға Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы елшісі Қайрат Лама Шариф пен әл-Азһар университетінің докторы Мухаммад Амин қатысты.