Жылыой ауданы, Құлсары қаласында жастар «Әуежай» ықшамауданында ауызашар берді.
Ауызашар ораза тұтқан жандармен бірге, балаларды да қамтыды. Балалар үшін батуттар құрылып, ойын алаңы сәбилерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Рухани шараға Қосшағыл мешітінің наиб имамы Ғанибек Қожанапесов құрметті қонақ ретінде қатысты. Ұстаз жамағатты бірлікте болуға шақырды.
«Қазақта «Бірлігі мықты ел озады» деген тамаша тәмсіл бар. Ынтымақ пен бірлік – ислам дінінің негізгі бағыты. Бірлігімізді сақтауға және нығайтуға әр азамат атсалысуы керек. Рамазан айында баршаңызды сауапты амалдар атқаруға шақырамын» деп атап өтті ұстаз Ғанибек Қожанапесов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.