Атырауда мешіттерде намаз оқуды үйретуге арналған дәрістер өтіп жатыр

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырауда орталық мешіт «Намаз оқып үйренейік» жобасын іске қосты.

Дәріс күнделікті бесін намазынан кейін өтіп жатыр.

«Мешітке келіп, намаз оқу тәртібі бойынша сұраушылар көбейді. Бұл жоба дінге қызығушылық танытып жүрген азаматтарға намаз оқуды үйрету мақсатында жүзеге асуда. Әрі азаматтарға діни білім беру де мақсат. Дәріс облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінің барлығында жалғасуда» дейді Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы, азаншы Саламат Иманғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.