Жылыойда Майкөмген ауылына имам тағайындалды

Жылыой ауданына қарасты Майкөмген ауылындағы Майкөмген мешітіне Ғанибек Қожанапесов имам болып тағайындалды.

Қожанапесов Ғанибек Доғдырбайұлы бұған дейін Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылдық Қосшағыл мешітінде наиб имам қызметін атқарған болатын.

Жаңа имамды Майкөмген жамағатына Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев таныстырды.

Қожанапесов Ғанибек Доғдырбайұлы Жамбыл облысындағы Қордай медресесінің түлегі. 2013 жылы Ислам институтында білімін жетілдірген.
Еңбек жолын Тұрғызба ауылында имамдық қызметтен бастаған.

Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон мешітінде наиб имам, кейін, Қосшағыл мешітінде наиб имам қызметтерін атқарған.