Атырауда «Мәулімберген» мешіті балаларды құттықтады

Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешіті «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсында білім алып жатқан балдырғандарды «Балаларды қорғау күнімен» құттықтады.

Мешіт имамы Мақсот Бағытжанов балаларға сыйлықтар табыс етіп, тілектерін арнады. Балаларды білімді болуға, жарқын болашаққа сеніммен қадам басу үшін көбірек ізденуге шақырды.

Еске сала кетелік, маусым айынан бастап, мешіттерде «Имани жаз» балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы басталды.