Рамазан күнделігі: Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті 84 отбасына азық-түлік таратты (+ ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Сұлтан Бейбарыс мешітінде мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж шаңырақтарға азық-түлік таратылды.

Жалпы салмағы 1 тонна, 700 келі болатын себеттерде бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері салынған.

«Рамазан айы – шарапаттың, мейірімнің айы. Ізгі шараларымыз жалғасады» деді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.