Түркия Еуропаның оңтүстік-шығысы мен Кіші Азияда орналасқан.
Елдің тамаша демалыс аймағына айналуына себеп болған – төрт теңізі. Солтүстігінде – Қара теңіз бен Мәрмар теңіз, батысында – Эгей теңізі, ал оңтүстігінде Жерорта теңізі жатыр. Сондай-ақ, аумағында бірнеше өзендер мен тұзды көлдер кездеседі.
ТАКСИМ АЛАҢЫ
Таксим алаңы (түрік тілінде Таксим Мейданиге ұқсайды) Ыстамбұлдың еуропалық бөлігінің ең маңызды көрікті жерлерінің бірі және туристер мен жергілікті тұрғындардың ең тығыз қоныстанған жері.
Таксим – аты аңызға айналған Истиклал көшесінің бастау алатын жері, онда қымбат қонақ үйлер мен әйгілі мейрамханалар орналасқан. Сондай–ақ күн сайын миллиондаған адамдар өтетін орын.
Алаңның дәл ортасында 1928 жылы итальяндық мүсінші Пьетро Каноника жасаған Республика монументі (Cumhuriyet Aniti) орналасқан. Бұл әйгілі ескерткіш Түркия Республикасының құрылғанына орай тұрғызылған. 11 метрлік ескерткіште Мұстафа Кемал Ататүрік және оның адал серіктері – генерал Исмет Инёню және маршал Февзи Чакмак бейнеленген. Қазір бұл алаңда маңызды ресми іс-шаралар, наразылықтар мен пикеттер өтеді.
Таксим алаңында 2021 жылы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен ашылған Таксим мешіті бар.
Ресми мәлімет бойынша, мешіт пен оның 30 метрлік мұнарасын салуға төрт жыл уақыт кеткен. Құрылысты Ердоғанның өзі бақылады деседі. Түркия президенті бір сұқбатында осы мешіт салынғанға дейін бұл маңайда намаз оқитын бөлме де болмағанын айтқан екен. Екі мұнарасы бар мешіт кешеніне 4 мың адам сияды, онда көрме залы, кітапхана және тамақтанатын орын бар.
Таксим алаңынан Ыстамбұлдағы ең танымал туристік жаяу жүргіншілер көшелерінің бірі – Истиклал басталады. Оның ұзындығы шамамен 1,5 шақырым. Мұнда әдемі серуен құрып, архитектуралық ғимараттарды тамашалап, түрлі дүкендерді аралап, еуропалық немесе түрік тағамдарынан дәм татуға болады. Сондай-ақ дәл осы көшеде 90-шы жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан тарихи трамвайға мінуге мүмкіндік бар.
АЙЯ СОФИЯ
Айя София көне сәулет өнерінің үлгісінде салынған Ыстамбұлдағы ірі мешіттердің бірі. Ол 2020 жылы мұражай мәртебесінен айырылып, мешіт ретінде тіркелді.
Оның іргетасы Византия императоры Константиннің бұйрығы бойынша қаланған. Б.з. 532 – 537 жылдар аралығында 10 мың жұмыскер қызмет етіп, 5 жылда салып бітірген. Оның биіктігі – 55.6 м, диаметрі – 31.4 м. Күмбездіктің 40 терезесі бар. 1453 жылға дейін ғибадатхана қызметін атқарған. Осман империясының қол астына өткеннен кейін, мешіт ретінде пайдаланылды. 1935 жылдан 2020 жылға дейін музей қызметін атқарды.
360 жылы Византия императоры Константин негізін қалаған шіркеудің ағаш шатыры 404 жылы жанып кетті. Кейін қалпына келтірілген.
СҰЛТАНАХМЕТ МЕШІТІ
Аия София мешітінен кейін Сұлтанахмет мешітіне бас сұқтық. Бұл мешіт Айя Софияға қарама-қарсы орын тепкен. Бұл орталықты жергілікті халық «Көгілдір мешіт» деп те атайды. Мешітте алты мұнара бар. Төртеуі бірдей, ал қалған екеуі биігірек. Естуімізше, бұл мешіт әлем архитектурасындағы ұлы туындылардың бірі болып саналады екен.
Қасиетті рамазан айы болған соң ба, кешкілік мешіт маңына жиналып, ауыз ашатындар өте көп. Біз келгенде де осы көрініс тағы қайталанды. Бірен-саран жолаушыдан «бұл неғылған көп адам» деп сұрағанымызда, «ифтар жасауға жиналған көпшілік қой» деген жауап алдық. Мешіт маңындағы көгалдарға шағын дастарқандарын жайып, ауыз ашуға қамданып отыр.
Кейбірі туыс-туғанымен, кейбіреуі отбасыларымен жиналған. Бұл да дінге деген жергілікті жамағаттың құрметі болса керек. Рамазан айында көз жеткізген тағы бір ғажайып – Ыстамбұлдың кез келген нүктесінен тегін ауызашарлар ұйымдастырған адамды көресің. Олар әр күні кешкілік шатырлар құрып, ас-суын әзірлейді. Бұл ауызашарлардан кез келген адам тамақ ішуге мүмкіндігі бар. Өйткені дінді қастерлеген халықтың бойына тән дағдысы бұл.
Әрине біреулер айтар ол тозығы жеткен жауап қой деп, сонда да Ыстамбұл әрбір жанды өзіне ғашық етер және бүкіл уайым-қайғыңнан арылтар қала деп ойлаймын. Стамбұл өзінің бойында ескілік пен жаңалықты бірдей ұстап тұрған ерекше және сиқырлы қала. Хандардың тұрған Токкапыдагы сарайлары, Айя Софья және Сұлтанахмет сияқты мешіттер мен қорғандардың ұлылығын көріп Ыстамбұлдыңбекерден Рим, Византия және Осман империяларының астанасы болмағанын түсінесің.
Дереккөз: ttjk.info