Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон кентіндегі Нұрқас Сатыбалды мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Акция барысында 8 отбасына азық-түлік пакеті таратылды. Қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасылар қамтылды.
«Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен.
Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» деп баяндалады. Яғни, қайырымдылық – исламның қайнар көзі» дейді Нұрқас Сатыбалды мешітінің имамы Жалғас Рейимов.