Жылыой ауданында жамағат арасында үстел теннисінен ашық турнир өтті

Жылыой ауданында жергілікті ауыл тұрғындары арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Өзара ынтымақ-бірлікті нығайту мақсатында өткен іс-шараға Құлсары қаласы, Шоқпартоғай, Майкөмген, Ақкиізтоғай, Жаңа Қаратон, Тұрғызба, Қосшағыл ауылдары бойынша тұрғындар қатысып, спорттық бәсекеде 32 үміткер бақ сынасты.

Тартысты бәсекеде бірінші орынды Асылбек Сүйінғараұлы, екінші орынды Амангелді Мақсотұлы иеленді. Үшінші орын Әділет Жақсығалиұлына бұйырды.

Жеңімпаздарды Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

«Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі.

Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», – деген (Имам Мүслім)» деп атап өтті Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.