Атырауда Рамазан айына орай қайырымдылық шаралары жалғасуда

Он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Атырау қалалық Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

15 мұқтаж отбасына Рамазаннан азық-түлік боксы таратылды. Осындай игілік шарасы Атырау қаласы, Тасқала ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде де жалғасты. Бұл мешітте 12 отбасына азық-түлік пакеті табыс етілді.

Рамазан – қайырымдылық айы. Рамазан – мейірімділік айы. Бұл бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.