Атырауда «Медет» мешіті дүкендерді арақ сатпауға шақырды

Атырау қаласы Береке ықшамауданында орналасқан «Медет» мешіті Рамазан айына орай азық-түлік дүкендерін аралап, кәсіпкерлерді қасиетті айда арақ-шарап сатпауға шақырды.

Мешіт имамы Мұхаммедкәрім Сматұлы арақ-шараптың зияны туралы насихат айтып, қоғамды лас әрекеттерден сақтандыруда кәсіпкерлердің де белгілі бір жауапкершілігі барын айтты.

«Арақ атаңнан қалған ас емес. Ащы судың зияны туралы көп нәрсе айтуға болады. Арақ талай отбасының шаңырағын ортасына түсірді, талай адамның тағдыры бұзылды. Сондықтан, кәсіпкерлеріміз арақтың таралуына себепші болмағаны абзал» дейді «Медет» мешітінің имамы Мұхаммедкәрім Сматұлы.