Атырауда орталық мешітте 45 отбасына киім таратылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығында кезекті ізгілік шарасы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж шаңырақтарды қамтыған іс-шара аясында отбасыларға киім-кешек табыс етілді. Мұндай ізгілік шаралары орталықта айына кемінде 2-3 рет ұйымдастырылып отыр.

Айта кетсек, 2021 жылдың ақпанында Атырауда орталық мешіт жанынан «Қайырымдылық орталығы» ашылған болатын. Қайырымдылық орталығы мешітке тапсырылған киім-кешектерді, тұрмысқа қажетті заттарды қабылдап, сұрыптап мұқтаж отбасыларға тарату ісімен айналысады.