«Жасыл аймақта» тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап жұма намазын оқуға рұқсат етілді.
Бүгін Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
«ВАК отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды: 7 күн бойы «Жасыл аймақта» тұрған өңірлерде үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап рұқсат етілді:
жұма намазын өткізуге (30 пайызға дейін) және жерлеу рәсімін өткізу (30 пайызға дейін, 50 адамнан артық емес)» делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың таратқан ресми ақпаратында.
Айта кетсек, жуырда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордада Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен, сондай-ақ Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовпен арнайы кездесіп, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қауіпсіз «жасыл аймақта» орналасқан өңірлердегі мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат беру туралы ұсынысын жеткізген еді.