Бас мүфти Моңғолиядағы қазақтармен кездесті (+ ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барды.

ҚМДБ Төрағасын қала іргесінен күтіп алған ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті әкімшілік басшылары ізгі ниеттерін жеткізді. Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек Хадысұлы Бас мүфти бастаған делегация мүшелеріне оң сапар тіледі. Сонымен қатар бұл сапар екі елдің рухани байланысына серпін беріп, жергілікті қандастарға жігер сыйлайтынын ерекше атап өтті.

Бас мүфти қандастардың ақжарма тілегіне ризашылығын білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Баян-Өлгей аймағының имамдарын жан-жақты қолдау іс-шараларын ұдайы жалғастыра беретінін атап өтті.

Айта кетсек, Бас мүфти сапар аясында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен, имамдармен, аймақ басшысымен кездеспек.