Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевпен кездесті.
Кездесу барысында Бас имам облыстағы діни ахуал, ағарту бағытындағы жұмыстар, өзге де мәселелер бойынша ақпарат берді.
«Атырау облысында соңғы уақытта шалғай ауылдарда мешіттер салынып келеді. Ендігі мәселе – мешіттерді сапалы, білімді кадрлармен қамтамасыз ету. Осы ретте, Атырауға сапалы кадр тартуға атсалысуларыңызды сұраймыз» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жергілікті атқарушы биліктің мешіттермен бірлескен түрде жұмыс атқаратынын жеткізді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.