Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау селолық мешітінде жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында иманды күшейту, намаз оқудың сауабы туралы уағыз айтты.
«Намаз – мұсылманның парызы. Намаз оқып, құлшылық жасау арқылы адам жүрегін тазартады. Аллаға ашық болады. Ондай адам ізденгіш болады. Білім алады. Білім алып, оны өмірге қолданған адам ізгі істердің бастамашысы болады» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Одан әрі Бас имам жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.