Алтынбек Ұтысханұлы атыраулық спортшыларға бата беріп, шығарып салды

Атыраудан Париж -2024 паралимпиадасына 16 спортшы аттанып кетті. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы спортшыларға бата беріп, шығарып салды.

Паралимпиада 28 тамыз күні басталады.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы спортшыларды қабылдап, бата берді.

«Алла жолдарыңызды оңғарсын. Паралимпиада кезінде сәтті өнер көрсетіп, көк туымызды Париж төрінде желбіретуді нәсіп қылғай» деді Бас имам.

Париж-2024 паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың ішінде, пара волейбол, пара жеңіл атлетика,
пара дзюдо, пара таеквондо, пара үстел теннисінен жарысқа шығатын оғландарымыз бар.