Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы атыраулық бір топ журналистті 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
«Асыл дініміздің өсіп – өркендеуіне, тәуелсіз еліміздің рухани дамуында БАҚ қызметкерлерінің ролі ерекше. БАҚ – қоғам тәрбиесіне, ел бірлігіне, ұлтымыздың рухани дамуына үлес қосып келеді. БАҚ – бұқараның тамыршысы іспетті, журналистер қауымының қашан да маңызы ерекше. Ел бірлігі жолында атқарып жатқан істеріңіз үшін алғыс айтамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Марапатталған журналистер қатарында, «Атырау – Ақпарат» ЖШС СММ және контент бөлімінің координаторы Нұргүл Сәкенқызы, «Атырау – Ақпарат» ЖШС операторы Алишер Қазим, «Атырау» телеарнасының журналистері Ақмарал Бисембайқызы, Әлихан Базарғали, Әсем Ақжігіт, «Каспиан ньюс» арнасының операторы Тілек Асқаров және орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметінің өкілдері бар.