Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлына Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың алғыс хаты табыс етілді.
«Балалар жылы» аясында ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларымызға жақсылық жасаудағы қайырымдылық қасиетіңізді жоғары бағалап, демеушілік көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын. Қазақстанды өркендету жолындағы ісіңізде табысты болып, ел сүйсінген істеріңіз жалғасын таба берсін» делінген алғыс хатта.
Еске сала кетелік, «Балалар жылына» орай облыс мешіттерінде ағартушылық, рухани, қайырымдылық бағыттағы бірнеше іс-шаралар өтті.
Бір ғана «Мектепке жол» акциясы аясында облыс мешіттері 1050 балаға оқу құралдарын, сөмке, киім-кешек табыс еткен болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.