1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы дін қызметкерлері мен кәсіпкерлерге алғыс жариялады.
«Асыл дінімізді өркендету, халыққа ізгілік нұрын себу, қайырымды істер бастауында өздеріңіз жүрсіздер. Имамдар діни ілім, насихат хақында ізгілікті істерімен, кәсіпкерлер мешіт бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық істерге үнемі қолдау білдіріп келеді. Баршаңызға Алла разы болсын!» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.