Атырау облысының Бас имамы, ұстаз Алтынбек Ұтысханұлының бүгін облыс орталығындағы «Дина» базарында намазхана жамағатымен кездесті.
Бесін намазы алдында «Екі дүние сардары» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
«Әдетте, адам өзі қадірлеген және құрмет еткен тұлғаның әрбір сөзі мен іс-әрекетін қалт жібермей үлгі тұтары заңдылық.
Өйткені, тұлғаны тұлға етіп қалыптастыратын нәрсе – оның елден ерекше парасатты сөзі, ұшқыр ойы мен өткір ақылы һәм ықылас пен шынайылыққа толы ыстық жүрегі.
Ендеше, ардақты пайғамбарға ﷺ деген сүйіспеншіліктің белгісі – оның сүннетін өмірлік ұстаным ету. Әрбір сөзін және мінез-құлығын бойға сіңірумен сүннет өмірлік салтқа айналады» деп атап өтті Бас имам.