Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының оқырмандарымен кездесті.
Кездесу барысында Бас имам ұлттық тәрбие, ұрпақ тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер тақырыбында насихат айтты.
«Алланың адам баласына берген ең ұлық аманатының бірі – бала. Өмірге келген ұрпақтың жақсы тәлім-тәрбие алып, азамат болып қалыптасуына біз, яғни, ата-ана жауаптымыз. Сондықтан, бала тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды» деп атап өтті Бас имам.
Кездесу барысында ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы оқырман тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Шара соңында Бас имам кітапхана қорына бірқатар еңбектерді табыс етті.
Кездесу аясында кітапхана басшылығы «Иман және отбасы» шарасына қатысып, толымды сұхбат берген облыстың Бас имамына алғыс хат табыс етті.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.