Жалпыхалықтық референдумға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, өз таңдауын жасады.
«Құранда Алла Тағала: «Әр қауым өзі өзгермейінше, Алла оларды өзгертпейді» деп ескерткен. Яғни біз жақсылыққа ұмтылуға әркез өзіміз талпынуымыз қажет. Сол себепті де елімізге бір пайдамыз тисін деп, болашақтан зор үміт күтіп, осынау референдумға келіп отырмыз» деді аймақтың Бас имамы.
«Үмітсіз – шайтан» деген. Біз қай нәрсеге де үмітпен қарауымыз қажет. Президентіміз дана халқымыздың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген тәмсіліне сай көптеген ел мүддесі үшін атқарылар жұмыстарды қолғаалғанға ұқсайды.
Ендеше, Алла Тағала Ата Заңы қағаз жүзінде қалып қоймай, іс жүзінде де жүзеге асатын, келешегі жарқын ел болуды жазсын» деді Алтынбек Ұтысханұлы.