Атырау облысының имамдары сауда орындарындағы «Қара жұма» акциясы атауын «Жомарт жұма» деп өзгертуді қолдайды.
«Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге «Қара жұма» атауын «Жомарт жұма» деп алмастыру туралы бастама көтерген болатын. Себебі, жұма қасиетті күн. Мұсылмандар қауымы жұманы жақсылықпен, ізгілікпен байланыстырады» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.