Жеңістің 80 жылдығына орай Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған мешіт қызметкерлері тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, рухани қолдау көрсетті. Зиярат барысында Құран оқылып, елге сіңірген еңбектері үшін алғыс айтылды. Дін қызметкерлері ардагерлермен сұхбаттасып, баталарын алды.
Игі шара – жас ұрпақтың тарихи жадын жаңғыртып, Отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. Ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталды.
Батыс Қазақстан өңірі – Ұлы Отан соғысы жылдары тылдың тірегі болған аймақ. Мұнайлы Атырау өлкесі майданға жанармай, азық-түлік және адам ресурстарын үздіксіз жеткізіп отырды. Мыңдаған атыраулықтар майдан мен тылда жанқиярлықпен еңбек етті. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл – ерлік пен елдікке толы тарих.











