amin.kz/ 27 шілде, 2020 жыл. Атырау облыстық «Иманғали» мешіті жанындағы «Иман жастары» еріктілері мұқтаж отбасыларына азық- түлік және дәрі-дәрмек таратты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов атыраулықтарға жалпы құны 26 миллион теңгенің үстінде дәрі-дәрмек жөнелткен болатын.
Дене қызуын түсіретін, жөтел, жалпы, вирусқа қарсы препараттар ауырып жатқан науқастардың үйді-үйіне жеткізілген еді. Сонымен қатар, мешіттен азық-түліктей көмек сұраған мұқтаж отбасыларға бірінші қажеттіліктегі тағам себеті үлестірілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.