Мақат ауданы, Доссор ауылындағы орталық мешітке және Сәтен – Шәмек мешітіне арнайы барған орталық «Иманғали» мешітінің ұстаздары Ерболат Боханов пен Олжас Скаков жергілікті жамағатпен жүздесті.
Кездесу барысында ауызбірлік, ынтымақ, қоғам тұрақтылығын сақтау және Алланың достары тақырыбында сөз болды.
«Ақыл, Аллаға деген сүйіспеншілікке толы жүрек, Жаратушыны жиі еске алу және сынақ кезінде де Аллаға шүкірлік ету – Аллаға жақындататын жол. Ибрахим Алла Тағала айтқандай «Өз жаратушысына таза жүрекпен келгендіктен» «Алланың досы» болды (Құран, 37:84). Оны қиындықтар мен кедергілер мойыта алмады. Ибрахим әлемді тура жолға шақырды. Жаратқанға құлшылық жасайтын орын тұрғызды. Өзінің миссиясын жалғастыратын ұлдар тәрбиеледі» деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.