Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Мектепке жол» акциясы аясында Атырау облысы мешіттері 600 оқушыға оқу құралдарын табыс етті.
Республика деңгейіндегі қайырымдылық акциясы көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтыды.
Еске сала кетсек, аталмыш акцияға Атырауға сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, орталық «Иманғали» мешітінде бір сәтте 40 балаға қуаныш сыйлаған болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.