Әр күнде екі көркем есімді жаттау туралы идеяны Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ерікті жастары қолдап отыр.
«Алланың көркем есімдерін Рамазанға дейін жаттап алатын болсақ, бұл үлкен сауапты амал болмақ. Рамазанның алғашқы 10 күндігінде сайыс өткізу жоспарда. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар дайындаудамыз.
Ерекше шарамыз 14 ақпан күні басталған еді. Алланың көркем есімдерін жаттау 3 сәуірге дейін жалғасады» дейді ұйымдастырушылар.
Еске сала кетелік, биыл қасиетті Рамазан айы 3 сәуірде басталады деп күтілуде. Десе де, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты, көрсетілген күннен бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екендігін ескертеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.